Батыстың барлау мекемелері Ресейдің арнаулы қызметтері ұйымдастырған деп болжанған диверсия әрекеттерінің саны азайғанын айтады. Мұндай ақпаратты еуропалық және америкалық ресми тұлғаларға сүйеніп, Bloomberg басылымы жазды.
Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты (IISS) 2025 жылдың қаңтарынан мамыр айына дейінгі аралықта Ресейдің 11 бүлдіргі әрекетін тіркеген. Бұған Швециядағы талшықты-оптикалық кабельдер мен ұялы байланыс мұнараларын істен шығару әрекеттері де кіреді. Ал былтыр 30-дан астам осындай оқиғалар болған – олардың қатарында энергетика, байланыс, көлік, әскери нысандар, су инфрақұрылымы мен суасты нысандарына жасалған шабуылдар бар.
Bloomberg дереккөздерінің айтуынша, Ресейдің диверсия әрекеттері 2024 жылдың күзіне қарай азая бастаған. Оған дейін АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғалары ресейлік әріптестерін жаңа операциялар жасап жүрмеуді ескерткен деп жазды агенттік. Ондай ескерту DHL логистика орталықтарында – Бирмингемде, Лейпцигте және Варшава маңында болған күмәнді өрттерден кейін және АҚШ-қа ұшатын жүк ұшақтарына диверсанттар жарылғыш зат қоюы мүмкін деген хабарлардан соң жасалған. Ол кезде ресейліктерге Вашингтон тарапынан ескерту жасалғаны жайлы The New York Times басылымы да жазған еді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Лондонда "Вагнер" тапсырысымен өрт қойған үш адам айыпты деп танылдыBloomberg дереккөздері диверсиялық әрекеттердің азаюын екі негізгі фактормен түсіндіреді. Біріншіден – орындаушылар өте сенімсіз болғандықтан, гибрид операцияларды тиімді түрде басқарудың мүмкін болмауы. Екіншіден – бұған Дональд Трамптың президенттік мерзімінің алғашқы айларында АҚШ-тың ашуына тимеген жөн деген саяси есеп те себеп болуы мүмкін.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Польшада диверсия күдігіне ілінген тоғыз адам қамалдыКремль Bloomberg жолдаған сауалға жауап бермеді. Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Еуропадағы ресейлік диверсиялар туралы хабарларды "мүлдем негізсіз" деп атаған.