Ресей орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын орналастыруға дайын екенін мәлімдеді. Қаруды бұл түрі 1987 жылғы келісім аясында шектеліп келген. Бірақ 2019 жылы АҚШ Ресейдің "Искандер" кешеніне арналған зымырандарының бірі келісім шартын бұзады деп, келісімнен шығатынын айтқан.
Мәскеу осыдан кейін НАТО мұндай қаруды орналастырмаған аймақтарға орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымыран кешендерін құрмайтынын мәлімдеген. 2019 жылы Ресей президенті Владимир Путин Батыс елдеріне мораторийге қосылуды ұсынған. Желтоқсанда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл шектеулерді "өміршең емес" деп сипаттады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ АҚШ Ресейге зымыранға қатысты талап қойдыКремль бұған дейін келісім аясында тыйым салынған зымырандардың жаңа түрін әзірлеп жатқанын хабарлаған. Путин бұл жөнінде мәлімдеме жасап, АҚШ Германияда зымыран кешендерін орналастыратын болса, Ресей жауап қатады деген. Берлин америкалық зымырандарды орналастыру мәселесі Ресейдің Украинаға басып кіруінен туғанын, мұны Ресейге төтеп беру амалы деп қарастыратынын мәлімдеген.
Орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандар – бұл жерүсті баллистикалық және қанатты зымырандар. Олар әдетте ядролық оқтұмсықпен жабдықталып, 500 шақырымнан 5500 шақырымға дейін ұшады. Мұндай зымырандардың нысанаға жақын орналасуы мен ұшу уақытының аздығы қарсы тарапқа ядролық соққыға жауап беруге мүмкіндік бермеуі мүмкін.